RU
Толық нұсқаға өту

Меркідегі балабақшада вирус тарап, 10 бала ауруханаға түсті

18.03.2025, 23:25 1583

Жамбыл облысы Меркідегі балабақшаның бірінде 10 бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды 24kz.

Оның бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Тоғыз баладан ішек, бір бүлдіршіннен энтеровирустық инфекция анықталған. Дәрігерлер балалардың жағдайы бірқалыпты екенін айтты. Аудандық ауруханада арнайы мамандар тобы инфекцияның неден тарағанын анықтауға кірісті. Ал орталықтың жұмысы 2 күнге тоқтатылып, дезинфекция жүріп жатыр. Құзырлы орган өкілдері қылмыстық кодекстің 304-бабы, яғни, санитариялық қағидалар немесе гигиеналық нормативтерді бұзу дерегі бойынша тергеу бастады.

Әнел Мұхаева, Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің м.а.:

- 10 бала түскен шағымдары іші өту, құсу, және дене температурасы 37-39-ға дейін көтерілгеннен. Қазіргі қауіп жоқ, тұрақты ем қабылдап отыр. Балалардың жағдайы ауырласа, Таразға алып кетеді емдеуге.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz