RU
Толық нұсқаға өту

Меркі тұрғындары жер сілкінісін сезді

28.03.2025, 17:10 1106

Осыдан тура 1 сағат бұрын Жамбыл облысында қайтадан жер сілкінді. Нақтырақ айтсақ, дүмпуді Меркі ауылы тұрғындары сезген. Жер сілкінісі елді мекеннен 20 шақырым қашықта тіркеліп отыр. Ал оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерден анықталған.

Айта кетейік, дүмпу күші Меркі ауылында 5 балға жетсе, Құланда 4, Тараз, Шу, Қордай және Мойынқұм аудандарында 2 балл болды. Салдарынан орталық аурухана, балабақша және бірнеше баспана мен мәдениет үйі зақымданған. Өңір әкімінің тапсырмасымен облыстық жедел штаб жұмыс істеп тұр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz