RU
Толық нұсқаға өту

Баянауылдағы Жасыбай орманшылығы өртеніп жатыр

04.04.2025, 19:21 1182

Павлодар облысының  Баянауыл ауданындағы Жасыбай орманшылығы  өртеніп жатыр.

Кезекші пультке қураған шөптің жанғаны туралы ақпарат шамамен бір жарым  сағат бұрын түскен. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау және Жасыбай орманшылығының күштері дереу кірісті. Қазіргі уақытта өртті жоюға 70-ке жуық адам және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Екпінді жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етуде. Оқиға орнына Павлодар облысы ТЖД басшылығы, сондай-ақ әкімдік өкілдері барды. Төтенше жағдайлар министрлігі мен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  командалық орталығында жедел штаб құрылды. Павлодардан құрамында 38 қызметкері мен 11 техникасы бар қосымша колонна жолға шықты. Жағдай ерекше бақылауда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz