RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысындағы Қалқұтан өзені арнасынан асты

07.04.2025, 11:47 1239

Салдарынан Астрахан ауданына қарасты 6 ауылдың жолын су шайып кетті, деп хабарлайды 24kz.

Енді бұл елді мекендерге тек қайықпен ғана жетуге болады. Астрахан ауданындағы қазіргі ахуал қалай?

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Біз Астрахан ауданына қарасты ескі Колутон ауылына баратын жолда тұрмыз. Бұл жерде қарғын су жолды бұзып кеткені анық көрінеді. Қазір ауылдағы 500-ге жуық тұрғынға барлық қажетті заттарды құтқарушылар қайық арқылы жеткізіп жатыр. Қалқұтан өзеніндегі су деңгейі кеше түнде көтерілген. Сол уақыттан бері ауылдағы 21 адам құтқарылды. Қазір олар қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқынның алдын алу шараларына 20 техника мен 70-ке жуық адам жұмылдырылған.

Қазір аймақтағы күштік құрылымның басым бөлігі осында жетті. Соңғы тәулікті бөгетті нығайту мақсатында 1 мыңға жуық құм салынған қап төселді. Сондай-ақ 300 текше метр су сорылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz