Күн жылынғалы бері Шымкент қаласында кене шаққан 12 тұрғын медициналық көмекке жүгінген.
Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, олардың барлығына індетке қарсы екпе салынып, медициналық бақылауға алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша, зардап шеккендерден аса қауіпті жұқпалы ауру белгілері анықталған жоқ. Соған қарамастан биыл Конго-Қырым қызбасының таралу қаупі жоғары саналатын 11 шағын аудан тіркелді. Осыған байланысты қауіпті ошақтарда аурудың алдын алу және таралуының жолын кесу мақсатында дезинсекция жұмыстары қолға алынған. Жоспар бойынша мамыр айының соңына дейін жалпы көлемі 3 миллион шаршы метр аумақта зиянкестерге қарсы дәрілеу жүргізіледі. Ал бұл жұмыстардың екінші кезеңі тамыз айында өтеді.
Айгүл Тұрымбетова, қалалық санитарлы-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
- 1720 кенені жинап осы күнге дейін 145-інің арасынан иксод кенесі анықталып, оны зерттегенде10 кенеден Конго-қырым қанды вирустары бар екені анықталды. Яғни бізде осы табиғи ошағыекенін тағы бір көрсетіп отыр.
Тегтер #Шымкент #кене шағу #дәрігер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz