RU
Толық нұсқаға өту

Қостанай облысындағы Татыр көлінде балық жаппай қырылып жатыр

09.04.2025, 21:28 1140

Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Татыр көлінде балықтар жаппай қырылып жатыр.

Су айдыны жағалауынан 7 тоннаға жуық табан, сазан, шортан өлекселері жиналып алынды. Тазарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Балық шаруашылығы инспекциясы мамандарының  айтуынша, өңірде жел-безектілердің бұлай жаппай қырылуы бұрын-соңды болған емес. Оның себебін анықтау үшін көлден су сынамасы алынып, зертханалық тексеріске жіберілді. Бастапқы болжам бойынша балықтардың қырылуына оттегінің жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін.

Мұрат Моргулов, Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы:

- Су айдынының аумағы шамамен 768 гектар. Былтыр көлге су келді. Бірақ нақты иесі болмағандықтан ешқандай мелоративті шаралар жүргізілмеген. Яғни оттегімен қамтасыз ету үшін ойықтар ойылмаған. Біздің ойымызша, балықтар ауа жетпей тұншығып өлген. Қазіргі кезде су бетіндегі, жағалаудағы өлекселерді жинап, оларды жою жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz