RU
Толық нұсқаға өту

Абай облысында өрт салдарынан елді мекен тұрғындары эвакуацияланды

14.04.2025, 21:25 970

Абай облысындағы Приречный ауылында шыққан өрт салдарынан 100-ден астам үйдің тұрғыны шұғыл эвакуацияланды, деп хабарлайды 24kz.

Жалын жергілікті шаруа қожалығы аумағында жиналған күнбағыс қалдықтарынан шыққан. Бірнеше күн бұрын осы аумақта өрт болған. Бірақ бұл жолғы жалын әлдеқайда күшті. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, күнбағыс қабығы ашық жерге төгіліп, дұрыс сақталмаған. Салдарынан күн сәулесімен қызып, қайта тұтанған. Өрт әлі оқшауланған жоқ. Екі үйге қауіп төніп тұр. Оқиға орнында 21 техника мен 62 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар тікұшақ жұмылдырылды. 

Данияр Әлимкин, ТЖД бастығының бірінші орынбасары:

- Бір үйдің шатырында 5 шаршы метр аумақ өртенді. Ол Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен сөндірілді. Желдің екпіні қатты. Секундына 25 метрге дейін жетеді. Бұл бізге біраз қиындық келтіріп тұр. Қалың түтіннен айнала да толық көрінбейді. Әзір қанша шаршы метр аумақ жанғанын және қанша шығын келгенін айта алмаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz