Ақмола облысында оқушылар отырған шағын автобус жол апатына ұшырап, бір адам көз жұмды. Оқиға елорда маңындағы Ерейментау-Шідерті тасжолында тіркелді.
Облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, оқушылар мінген Mercedes-Benz шағын автобусы жүк көлігін басып озу кезінде жүргізуші рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кетіп аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір ересек адам көз жұмды. Көлікте болған 16 бала түрлі дене жарақатын алып, Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізілді. Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда 15 бала үйіне шығарылды. Тағы бір оқушы дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты.
Белгілі болғандай, балалар Павлодар қаласынан Астанаға футбол жарысына бара жатқан. Сапарды ұйымдастырған жеке спорт мектебінің өкілдері кәмелетке толмаған балалардың жарысқа қатысатыны жөнінде жергілікті атқарушы органдарға хабарламаған. Сонымен қатар балалар отырған автобус жалға алынған, оған ата-аналар ортақ WhatsApp чат арқылы келісім берген. Қазіргі уақытта бұл жол апатына қатысты тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Тегтер #жас футболшылар #автобус апаты #жол апаты #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz