RU
Толық нұсқаға өту

Ерейментауда жас футболшылар апатқа ұшырады

19.04.2025, 19:31 790

Ақмола облысындағы жол апатынан зардап шеккен 13 жастағы жасөспірім санавиациямен Ерейментау ауруханасынан Павлодарға жеткізілді, деп хабарлайды 24kz.

Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Қалған 15 бала Павлодарға оралған. Олар елордада өтетін спорттық жарысқа жолға шыққан болатын. Алайда сапар жол апатымен аяқталды. Алдын ала мәлімет бойынша жүргізуші жүк көлігін басып озбақ болғанда рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Қайғылы оқиға салдарынан команданың бапкері қаза тапты. Белгілі болғандай, жекеменшік спорт мектебінің басшылығы бұл сапар жайлы полицияға хабар бермеген. Яғни, жолда арнайы күзет қызметі болмаған. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Алмагүл Тұрсынбаева, Ақмола облысы Полиция басқармасының аға инспекторы:

- Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде. Өзінің тәрбиеленушілерін жарысқа жіберген жеке спорт мектебінің басшылары полиция қызметкерлерін хабардар етпеді. Осыған байланысты патрульдік нарядтармен сүйемелдеу жүргізілмеді. Бұл факті бойынша тексеру жүргізілуде.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz