RU
Толық нұсқаға өту

Алматыдағы марафонда екі қатысушы қайтыс болды

20.04.2025, 15:30 1084

Almaty Half Marathon кезінде екі қатысушы қайтыс болды. Бұл туралы халықаралық жүгіру шарасының ұйымдастырушылары хабарлады.

Олар 84 және 21 жастағы қала тұрғындары екені белгілі. Екі азамат та 21,1 шақырым қашықтықты еңсеруге қатысқан. Оқиға орнына келген дәрігерлер реанимациялық шаралар жасады, бірақ нәтижесіз. Қатысушылар өкпе артериясының тромбо-эмболиясынан көз жұмған. «Қаза тапқан екі азамат та бұрын марафонға қатысып, қашықтықты сәтті бағындырған», – деді ұйымдастырушылар. Қордың атынан қайтыс болғандардың отбасына материалдық көмек көрсетіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz