RU
Толық нұсқаға өту

Руслан Берденовтің жүргізушісі қаскөйге тойтарыс беруге тырысқан

23.04.2025, 19:45 1067

Шымкентте әкімдік ғимаратының алдында Руслан Берденовке қарай оқ атылған кезде жүргізушісі қайсарлық танытып, тосқауыл қоюға тырысқан. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми өкілі хабарлады.

Оқиға кезінде жүргізуші күдіктінің әрекетін бірінші болып байқап, темір тұлпарды оған қарсы бағыттап, шабуылды тойтаруға әрекет жасаған. Бейнебақылау камераларынан алынған жазбада күдіктінің автотұрақта алдын ала күтіп тұрғаны көрініп тұр. Ресми мәліметке сәйкес Руслан Берденов жұмыс орнынан шыққан сәтте оған оқ атылған. Қала әкімдігінің ресми өкілі Сәрсен Құранбектің айтуынша, «Күдіктінің не себепті мұндай әрекетке барғаны тергеу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана белгілі болады». Қазір аталған қылмыстық іс прокуратураның бақылауында.

Сәрсен Құранбек, қала әкімдігінің ресми өкілі:

- Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері өз тарапынан жүргізу үстінде. Бұл прокуратура тарапынан бақылауда. Қылмысқа ол адамның не себепті барғандығын біз нақты айта алмаймыз. Не пайдаланғандығын, жалпы отбасылық жағдайы қандай екенін, басқасын түгелдей ескеруіміз керек деп ойлаймын. Ал оның түпкі нүктесін қоятын тергеу амалдары. Органдар екенін айтқым келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz