RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында жасөспірімдер соққыға жығылды

29.04.2025, 19:36 1374

Алматы облысында оқушылар аяусыз соққыға жығылды, деп хабарлайды 24kz.

Оқиға оқу жылының басында болды. Дегенмен, әлеуметтік желіде енді тарап жатыр. Бейнекадрларда оқушылардың бірі өзге балаларды тізіп қойып, төпелеп жатқаны бейнеленген. Облыстық білім басқармасы аталған жағдайдың Іле ауданындағы мектепте болып, қазір тексеру жүріп жатқанын жеткізді. Қылмыстық іс те тіркелген. Ал оқушыларға соққы берген бала осы жылдың наурызында басқа мектепке көшірілді. Оның заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Зардап шегушілерге психологиялық-педагогикалық көмек көрсетілген. Тәртіп бұзушылықты ұйымдастырғандар мен видеоға түсіргендер түгел есепке алынды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz