Маңғыстау облысында итбалық қырылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Өткен тәулікте Түпқараған ауданындағы жағажайдан 90-ға жуық теңіз сүтқоректісі табылды. Оқиға орнына гидробиология және экология институтының мамандары барды. Алдын ала болжам бойынша итбалықтар 2-3 апта бұрын өлген. Сол себепті зертханалық зерттеу жүргізуге сынама алу мүмкін болмаған. Балық инспекторлары санитарлық талаптарды сақтай отыра өлекселерді жинау, полигонда жою жұмыстарын жүргізді.
Айта кетсек, бұл өңірде жыл басынан бері тіркелген екінші дерек. Бұған дейін теңіз шекара катері браконьердің ау-торына түскен 7 итбалықты кезіктірген болатын.
Қонарбай Базарбаев, облыстық балық инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:
- Мониторинг барысында «Үрдік» мүйісінен «Баутино» мүйісіне дейін 88 дана итбалық өлексесі анықталды жағалаудан. Жақында солтүстік-батыстан соққан қатты желдің барысында жағаға шығарып тастаған. Екеуі ау-құралдарға оралып жатыр жағада. Қатты шіріп кеткен, сынама алу мүмкін емес болып жатыр. Ал қалғандарында ау-құралдардың іздері анықталған жоқ.
Тегтер #Маңғыстау облысы #Каспий жағасы #итбалық #сынамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz