Түркістан облысының шекарашылары Өзбекстан Республикасына 250 бас қойды заңсыз өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды 24kz.
Күдіктілердің әрекеті Мақтаарал ауданындағы құмды-шөлейтті алқапты күзету кезінде анықталған. Қойлардың сырғасын тексеру кезінде біразы Ақмола облысының қожалығына тиесілі болып шықты. Осыған байланысты қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғалар іздестіріліп жатыр. Биыл қазақ-өзбек шекарасынан бір жарым мыңға жуық ірі қара мен ұсақ малдың аналығын тасымалдау дерегі тіркелді. Шекарашылар заңбұзушылықтың көбеюін, көрші елдегі мал бағасының күрт қымбаттағанымен байланыстырады. Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес елден төрт-түлікті шығаруға уақытша шектеу енгізілген.
Серік Ағабеков, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің түркістан облыстық департаменті бөлімінің анықтаушысы:
- Бұйрық-талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының аумағында малдардың жұқпалы ауруларының кең көлемде таралуы мүмкін екенін ескертеміз. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ұсталған тұлғаларға қатысты тиісті заңды шаралар жүргізілуде.
Тегтер #Түркістан облысы #шекара #Өзбекстан #қой #заңбұзушылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz