RU
Толық нұсқаға өту

Науқас нәресте тікұшақпен Ақсайдан Оралға жеткізілді

20.05.2025, 15:42 470

Кеше кешкісін Орал қаласындағы Зашаған кентінің тұрғындары ерекше оқиғаның куәсі болды.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқарушы» мекемесінің тікұшағы облыстық балалар ауруханасының ауласына қонды. Дәрігерлер Ақсай қаласынан науқас нәрестені алып келгендерін, әр минут қымбат болғандықтан тікұшақты әуежайға емес, тікелей ауруханаға қондыруға мәжбүр болғандарын айтады. Қазір сәби дәрігерлердің бақылауында. Ал жалпы жыл басынан бері санитарлық авиация қызметінің мамандары әуе көліктерімен 7 сырқатты облыс орталығына жеткізіпті.

Гүлнәр Жұмағалиева, БҚО Жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары:

- Тікұшақ науқас нәрестені тасымалдауға қажетті барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. «Еурокоптер» бортында реаниматологтар, неонатологтар болды. Сәбиді аман-есен жеткіздік. Әуе көліктерімен әдете автомобильмен тасымалдауға келмейтін ауыр халдегі сырқаттарды әкелеміз. Ондай жағдайлар республикалық шұғыл медицина орталығымен келісіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz