RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да 408 адамды кене шақты

26.05.2025, 08:20 399

Кейінгі екі айда Солтүстік Қазақстан облысында 400-ден аса адамды кене шақты, деп хабарлайды 24kz.

Оның әрбір төртіншісі бала. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының айтуынша, зиянкестердің бұлайша белең алуына күннің ерте жылынуы себеп.

Осыған байланысты жәндіктерді улау, екпе салу басталды. Орманшы, малшы, механизаторлар бақылауға алынған. Қазір облыс бойынша 600-ге жуық адам вакцина салдырды. Кене энцефалитімен 5 адам ауруханада жатыр.

Айнаш Сағындықова, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

- Оның үш жағдайы Петропавл қаласында, екі жағдайы Қызылжар ауданында. Осы ауырып қалған бес науқас қазіргі таңда ем қабылдауда. Жағдайлары жақсы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz