Атыраудағы «Ақжайық» табиғи резерватында 10 гектар аумақ әлі өртеніп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бұған дейін 300 гектарға жуық аумақта қызыл жалынды сөндірді. Қазір “Қазавиақұтқару” мекемесінің тікұшағы тартылып отыр. Әуеден 30 тонна су төгілген. Тиісті жұмыстарға 110 адам мен 26 техника жұмылдырылған. Мамандардың айтуынша, аумақтың батпақты және қамыстың қалың болуы өртті жедел сөндіруге кедергі келтіруде. Қызыл жалынның шығу себебі әзірге белгісіз.
Тегтер #Ақжайық табиғи резерваты #қамыс өрті #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz