Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы қондырғысы анықталды.
Тіркелмеген құрылғыларды Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тапты. Тиісті шараларды қабылдау үшін бұл іс жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды. Сондай-ақ жергілікті әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді. Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі бүгінде судың "көлеңкелі" нарығымен күрес жүргізіп жатыр.
Тегтер #Түркістан облысы #заңсыз #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz