RU
Толық нұсқаға өту

Алматыдағы шағын ауданда газ жарылып, ер адам қаза тапты

02.06.2025, 15:29 781

Алматыдағы Шапағат шағын ауданында газ жарылып, ер адам қаза тапты.

Тұрғын үй Биянху көшесінде орналасқан. Оқыс жағдай түске таман болған. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Үйінділерді аршу кезінде 76 жастағы адамның денесі табылды. Қазір оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеуде. Республикалық жедел құтқару жасағы, кинологиялық қызмет,  Апаттар медицинасы орталығы, Алматы қаласының 109 құтқару қызметі жұмылдырылды. Жарылыстың себептері анықталуда. Шағын ауданның бір көшесін газбен қамту уақытша тоқтатылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz