RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбедегі тұрғын үйде газ жарылды

04.06.2025, 21:20 786

Ақтөбе қаласында бес қабатты үйдің 4-ші қабатында газ жарылып, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды 24KZ. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 73 тұрғынды эвакуациялады.

Жарылыс салдарынан 40 шаршы метр аумақта, ашық жалын тұтанған. Сондай-ақ 3 пен 4-ші қабат арасындағы аралық құрылымдардың ішінара құлағаны анықталды. Қазір өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жедел жәрдемнің 4 бригадасы дайын тұр.

Еркін Қашқанов, Ақтөбе облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары:

- Хабарлама түскен бетте мекенжайға жедел түрде жоғарғы ранк бойынша ТЖ департаментінің жеке құрамы мен техникасы жіберілді.  Келген бетте 4 пен 5-ші қабаттың өртеніп, 4-ші қабат пен 3-ші қабаттың арасындағы еденнің опырылып құлағаны анықталды. Өртке 16 бірлік техника, 52 адам жеке құрам жұмылдырылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz