Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында атқамінерлердің салғырттығынан қазына қаржысына салынған үйлер мемлекет меншігіне алынбаған, деп хабарлайды 24kz.
Заңбұзушылықтар соңғы сегіз жыл ішінде салынған үйлердің құрылысы мен рәсімделуін кешенді тексеру барысында анықталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жалпы құны 53 миллион теңге болатын 10 үйді жергілікті атқарушы органдардың балансына қабылдау үшін мемлекеттік қызметтерге ақы төлемеген. Соның салдарынан үйлер құқықтық алаңнан тыс қалып, мақсатына сәйкес пайдаланылмады.
Әлия Тілеубергенова, облыс прокурорының көмекшісі:
- Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық 10 нысан тіркеліп, мемлекет меншігіне қайтарылды және олардың заңды мәртебесі қалпына келтірілді. Жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Тегтер #Батыс Қазақстан облысы #Ақжайық ауданы #заңбұзушылық
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz