RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда қатты дауыл салдарынан бір адам қаза тапты

19.06.2025, 23:00 697

Павлодарда қатты дауыл салдарынан бір адам қаза тапты. Желдің күштілігі сонша, көліктер аударылып, теректер құлаған. Қазір дауылдан келтірілген залал көлемі анықталып жатыр.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Өкінішке қарай, апат салдарынан адам өлімі тіркелді. Ақсу қаласында әйел адамның қайтыс болған. Ол көліктің ішінде болған. Терезеден кірген ағаштың бұтағы кеуде тұсына қадалып қалған. Қазір қатты дауылдан келген шығын анықталып жатыр. Бірер сағат бұрын өңірде қатты жел соғып, көптеген ағашты құлатып, көліктерді басып қалды. Төтенше жағдайлар қызметі оқыс жағдайға байланысты әзірге ақпарат таратқан жоқ. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Екібастұз қаласындағы қуаттылығы 500 кВ-тық электр  торабында апатқа қарсы автоматты жүйе іске қосылды. Салдарынан Екібастұз қаласы жарықсыз қалды. Қазір электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Дауылдан келген шығын мен зардап шеккендер туралы ақпарат әлі нақтыланған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz