Оқиға таңғы сағат 6:15-те Әуезов ауданында болған, деп хабарлайды 24kz.
Қоғамдық автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Салдарынан бағдаршамда тұрған жеңіл көлікті қағып өткен. Одан кейін де жүрісін тоқтатпай ғимаратқа соғылады. Үйдің астыңғы қабаттарында асхана, нотариус пен азық-түлік дүкендері орналасқан. Жол апаты таңғы уақытта болғандықтан ешкім зардап шеккен жоқ. Апаттың мән-жайын Әуезов ауданының полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Тегтер #Алматы #жүргізуші #тұрғын үй #тексеруPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz