Астанада оқу-жаттығу кезінде TL-2000 ұшағы апатқа ұшырап, 2 адам мерт болды. Бұл жайында Көлік министрлігі мәлімдеді. Оқиға бүгін Астана қаласы маңындағы Жоламан әуе айлағында болған. Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында жеңіл әуе кемесі апатқа ұшыраған.
Ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәлімет бойынша бортта 2 экипаж мүшесі болған. Өкінішке қарай, екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылады. Тиісті органдар тергеу жұмыстарына кірісті.
Мәлік Қайбар, ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы TL-2000 маркалы әуе кемесінің апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-ші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Апат салдарынан екі адам, яғни ұшқыш пен жолаушы қаза тапты. Апат себептері анықталып жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Тегтер #Астана #ұшақ апаты #қылмыстық іс #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz