Атыраулық полицейлер екі миллион теңге көлемінде айыппұл арқалап жүрген автокөлік иесін ұстады, деп хабарлайды 24kz.
32 жастағы жүргізуші жол ережесін 38 рет бұзған. Қазіргі уақытта оған қатысты тиісті іс-құжаттар рәсімделіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды. Көлік айып тұрағына қойылды. Interceptor автоматтандырылған бақылау жүйесі іске қосылған 6 айда айыппұлдан жалтарып жүрген 2 мыңнан аса жүргізуші анықталған.
Мөлдір Таңатарқызы, қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының инспекторы:
- Оның ішінде 1500-ден астам автокөліктің айыппұлдары өндіріліп, 600-ден астам автокөлік арнайы тұраққа қойылған болатын. Осы бойынша тағы борышкерлер есебінде тұрған автокөліктермен жұмыс жалғасуда.
Тегтер #Атырау #полиция #айыппұл #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz