Алматыдағы Алатау ауданында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды 24kz.
Бұрындай тас жолымен шығысқа қарай бет алған жүккөтергіш кран алдымен көліктерге, кейіннен автобусқа соқтығысқан. Апат салдарынан 23 адам түрлі дене жарақатын алды. Қазір аталған жайт бойынша тергеу басталды.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық пд ресми өкілі:
- Аталмыш жол-көлік бүгін 18:10-да Алатау ауданында орын алды. Бұрындай тас жолымен шығысқа қарай бет алып бара жатқан жүк көлігі қатарлас келе жатқан «Мерседес» және «Киа» көліктерімен соқтығысып, жолдың қарсы бетіне шығып, «Ютунг» маркалы автобуспен, сонымен қатар «Субару» маркалы автокөлікпен соқтығысады. Нәтижесінде 23 адам дене жарақаттарымен медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі таңда бұл дерек бойынша ресми тергеу басталды.
Тегтер #Алматы #жол көлік апаты #аурухана #тергеу
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz