RU
Толық нұсқаға өту

Науқастан ауыр соққы алған дәрігер жансақтау бөліміне жатқызылды

17.07.2025, 19:45 516

Қостанайда науқас хирургты соққыға жығып, жансақтау бөлімінен бір шығарды.

Облыстық аурухана баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дәрігер күрделі операциядан кейін, кезек бойынша науқастарды қабылдаған. Сол жерде кезекте үшінші болып тұрған пациент ашуға булығып, дәрігерге қол көтерген. Салдарынан хирург есінен танып қалды. Енді қазір дәрігер жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, дейді медициналық мекеме өкілдері. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, соққы жасаған тұлға 34 жастағы азамат. Қазір қамауға алынып, тиісті тергеу жүргізіліп жатыр.  

Ксения Жылқыбаева, облыстық аурухананың баспасөз хатшысы:

- Науқас өздігінен қабылдау бөліміне келген. Еденде үш түрлі сызық сызылған: қызыл – шұғыл көмек қажет ететіндер үшін, жасыл – жеңіл жағдайдағы науқастарған, ал сары сызық – диагноз қою немесе растау қажет пациенттерге арналған. Дәрігерге шабуыл жасаған науқас дәл осы сары аймақта кезегін күтіп отырған. Ережеге сай, ол жердегі науқас дәрігер қабылдауын 24 сағатқа дейін күте алады. Барлық пациенттерге көмек кезек тәртібімен көрсетіледі. Дәрігерлер бұл науқасқа шұғыл көмек қажет емес, тек диагнозын растау жеткілікті деген. Яғни оның жағдайы ауыр саналмаған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz