Есеп-шотындағы 15 млн теңгені белгісіз біреуге аударып, сан соғып қалды.
Павлодарда әйел адам интернет-алаяқтыққа ұрынды. Оның айтуынша, алдымен ұялы телефонына 1414 қызметінен хабарлама келеді. Ізінше өзін Ұлттық банктің қызметкерімін деп хабарласқан ер адам, әйелдің атына несие рәсімделіп жатқанын жеткізеді. Қаржысын жалма-жан "сақтап қалу үшін", әйел сол адамның нұсқауы бойынша несие рәсімдеп, 15 миллион теңгеден астам соманы алаяқ ұсынған шотқа аударып жіберген. Жалпы жыл басынан бері Павлодар облысында интернет-алаяқтықтың 1100-ден астам дерегі тіркелді. Оның ішінде 830-ы Павлодар қаласының өзінде болған. Алаяқтар көбіне өздерін мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіреді де кейін алдап соғады. Сондықтан құқық қорғау органдары халықты мейлінше сақ болуды, және жеке мәліметтерді ешкімге хабарламауды ескертеді.
Тегтер #Павлодар #интернет алаяқ #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz