Маңғыстаудағы «ҚазАзот» өндіріс орнында техникалық апат болды. Салдарынан төрт адам зардап шекті. Оның екеуі жансақтау бөліміне түсіп, тағы екеуі травматологиялық бөлімге жеткізілген. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқыс оқиғаға қауіпсіздік шараларының сақталмауы себеп болуы мүмкін. Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал кәсіпорын басшылығы зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетінін жеткізді.
Тегтер #Маңғыстау облысы #қазазот #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz