RU
Толық нұсқаға өту

«Қарағанды су» кәсіпорнының екі жұмысшысы кәріз құдығында мерт болды

23.07.2025, 17:39 495

«Қарағанды Су» коммуналдық кәсіпорнының екі жұмысшысы кәріз құдығында мерт болды. 

Олар сорғыларға жоспарлы тексеру жүргізу үшін құдыққа түскен. Алдын ала мәлімет бойынша жұмысшылар күкіртсутек газынан уланған болуы мүмкін. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сот-медициналық және техникалық сараптамалар тағайындалды. «Қарағанды Су» мекемесі қызметтік тексеріс бастады. Оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Төтенше жағдайдың себептері анықталады. Қорғаныш құралдары болды ма, қауіпсіздік ережелері сақталды ма, барлығы жан-жақты тексеріледі. Қаза тапқан азаматтардың отбасына көмек көрсетіледі. Биыл облыста өндірісте 56 адам жарақат алып, 5 адам мерт болған.

Мәди Әлжан, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары: 

- Кәріз құдығына түсу кезінде олар есінен танып қалған. Соның салдарынан жедел жәрдем шақырылып, оқиға орнына келген медицина қызметкерлері олардың жұмыс орнында қаза тапқанын анықтады. Еңбек кодексіне сәйкес, Мемлекеттік Еңбек инспекциясы комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті арнайы комиссия құрды. Комиссия құрамына уәкілетті органдардың мүдделі өкілдері мен жұмыс беруші тараптың өкілдері кіреді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz