Амур облысында апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағының қара жәшігі табылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Олардың айтуынша, борттық жазба құрылғылары Мәскеуге сараптамаға жіберіледі. Сондай-ақ федералдық бақылаушы органдар әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігі ережелерін қаншалықты сақтай алғанын тексереді. Ан-24 ұшағы кеше таңда таулы аймақта құлаған. Бортта болған 48 адамның барлығы қаза тапты. Құрбандардың бесеуі – бала, алтауы әуе компаниясының қызметкері. Ұшақ қалдықтары Тында қаласынан 15 шақырым жерден табылды.
Тегтер #24 kz #жаңалықтар #Амур облысы #ұшақ апатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz