Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы радар жүйесінен жоғалып кетті.
Луговой елді мекенінен ұшып шыққан тікұшақтың байланысы Отар аумағында ажыраған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады. Алдын ала мәліметке сүйенсек, бортта үш экипаж мүшесі болған. Қазір әскери әуе кемесін іздестіру-құтқару жүмысына тиісті күштер мен құралдар дереу шығып, "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды. Оның ішінде 100-ден астам маман мен 15-ке жуық техника және ұшқышсыз ұшу аппараттары бар.
Тегтер #Алматы облысы #әскери #тікұшақ #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz