Үржар ауданындағы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен қыздың жағдайы ауыр, деп хабарлайды 24kz.
Елордадағы №2 көпбейінді қалалық аурухана мамандары науқастың жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын хабарлады. Әзірге Астанаға арнайы ұшақпен жеткізілген екі бала да жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер: «9 жастағы қыздың бассүйегі зақымданған», - дейді. Ал ұл балаға бірінші және екінші дәрежедегі травматикалық шок диагнозы қойылған. Ол жақында палатаға ауыстырылуы мүмкін.
Динат Қожекенов, №2 көпбейінді қалалық аурухана директорының орынбасары:
- Тағы бір-екі тексерулер нәтижесін тосамыз, солардың нәтижесі бойынша ұл бала бүгін-ертең ауысып қалуы да мүмкін. Қыз баланың жағдайы өте ауыр, әлі қауіп бар.
Тегтер #елорда #балалар #аурухана #жол көлік оқиғасы #жансақтау бөлімі #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz