RU
Толық нұсқаға өту

Жетісу облысында алаяқтық жүйесін құрған ер адам ұсталды

11.09.2025, 16:54 648

Жетісу облысының прокуратурасы мен полицейлері интернет қылмысқа қатысты арнайы операция ұйымдастырды, деп хабарлайды 24kz.

Нәтижесінде алаяқтық жүйе құрған ер адам ұсталды. 23 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жарнамалық платформаларға тауарлы несие алып беру қызметін ұсынып, алдын ала пайыздық үстемақы сұраған. Жәбірленуші тараптан қаражат түскен бойда байланысты үзіп, дроперлар арқылы қолма-қол ақашаға айналдырған. Қамауға алынған азаматтың үстінен төрт адам шағым түсірген. Қазір оның ел аумағындағы басқа да қылмысқа қатыстылығы анықталып, сыбайластары іздестіріліп жатыр.

Адай Құтымов, Жетісу облыстық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары:

- 2025 жылдың өткен кезеңінде 616 қылмыстық іс тіркелді. Оның 347 интернет-алаяқтық болып тіркеледі. Қылмыстық қудалау органдарымен 321 қылмыстық іс ашылып сотқа жолданды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz