Жамбыл облысында оқу жылы басталғалы бері 2 оқушы қатарластарының қолынан қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.
Қайғылы оқиғаның бірі бүгін Тараз қаласындағы №47 орта мектепте болды. 9-сыныптың оқушылары қоңырау кезінде өзге сыныптағы жасөспірімді дәретханаға кіргізіп, соққының астына алған. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм кеуде тұсына тиген ауыр соққыдан жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Ал екінші жағдай бірнеше күн бұрын Шу ауданындағы Көкқайнар ауылында болған. Полицияның мәліметінше, ауыл мектебінің 10 мен 11-сынып оқушылары футбол ойынынан соң дауласып қалған. Төбелес салдарынан 10-сынып оқушысы жантәсілім етті. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Байжан Байгелді, облыстық ПД бастығының орынбасары:
- Жедел іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған күдіктіні анықтап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алды. Қазіргі уақытта қылмыстық істің толық обьективті және жан-жақты тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Тегтер #Жамбыл облысы #қайғылы жағдай #қылмыстық іс #тергеуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz