RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда жүк пойызынан дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

15.09.2025, 22:15 1049

Қарағанды облысында жүк пойызының цистернасынан дизель ұрлаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды 24kz.

Олар жанармайды бұған дейін де ұрлап келген. Жедел-іздестіру кезінде 17 күдікті қолға түсті. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Тінту кезінде шамамен 500 литр дизель мен жанармай тасымалдауға арналған ыдыстар тәркіленді. Сондай-ақ қылмыстық топ мүшелерінен есірткі заттары мен 2017 жылы Ресейде жоғалған қару, оқ-дәрі және 7 ұялы телефон табылды.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы дизель отынының ұрлығына қатысты 28 дерек құжатталды. Полиция бөліміне осы іске қатысы бар деген күдікпен 17 адам жеткізілді. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz