RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда жер сілкінді

21.09.2025, 19:26 1291

Алматыда жұрт дүрлікті. «Жер сілкінеді» деген хабар тараған соң тұрғындар жапатармағай далаға шыққан, деп хабарлайды 24kz.

Алматылықтар дүрліккенмен, қауіп жоқ. Тербеліс ошағы мегаполистен оңтүстік-батысқа қарай 9 шақырым жерде болған. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жер сілкінісінің магнитудасы – 3.8. Дегенмен, дүмпуді қала тұрғындары сезбеген.

Блиц 1:

- Кішкене реакция болды. Одан кейін басылды. Дауыстан сәл-сәл сасқалақтап қалдық. Өзім далада болдым, қатты қорыққан жоқпын.

Блиц 2:

- Бізге SMS хабарлама келді. Біз тез арада далаға шықтық.

Блиц 3:

- Сасып қалдық бір жағынан. Қорықтық, бірақ ешқандай дүмпуді сезген жоқпыз.

Жер сілкінісі тіркелгенмен, зардап шеккен ешкім жоқ. Төтенше жағдайлар қызметінің дерегі бойынша мұндай дүмпулер қалыпты жағдай. Мамандар арнайы датчиктер белгі бергеннен кейін Mass Alert хабарламасы автоматты түрде іске қосылғанын айтады

Дамир Ермағамбетов, Алматы қ. ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы:

- Бүгін 21 қыркүйек күні сағат 16:25-те жер сілкінісі тіркелді. Қазақстан аумағында сезілмеді.Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Алаңдауға негіз жоқ.

Жалпы Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Жыл сайын аймақта 200-дей жеңіл дүмпулер болады. Олардың көбі 2-4 балл аралығында тіркеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz