RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

06.10.2025, 07:07 1030

Бүгін түнде Жамбыл, Түркістан облыстарында жер сілкінді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зілзала магнитудасы Жамбыл, Түркістан облыстарының бірнеше ауданында және Тараз қаласында 4 балға, Шымкент қаласында 3 балға дейін жеткен. Жер сілкінісінің орталығы  Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай.465 км жерде Қырғызстан аумағында тіркелді.  Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қалаларында жедел штаб құрылып, жұмыс істеп тұр.

Тұрғындарға байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды: Командалық орталықтың телефоны - 8 7172-70 - 41 -18 экранда көрсетілген. Төтенше Жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен іс - қимылдарды үйлестіру жөніндегі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. «Қазселденқорғау» филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Арман Тоқанов, Жамбыл облысы ТЖД бастығы:

- Құрметтті облыс тұрғындары мен қонақтары. Сейсмикалық станциялар желісінің мәліметі бойынша Астана уақытымен 01:09-да жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан шамамен 465 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер асты дүмпілерінің күші 2-4 балл болып облыс аумағында сезілді. Жамбыл облысының ТЖД облыстық жедел штаб құрылды. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеуде. Қираулар мен зардап шеккендер жоқ. Штаб жұмысы жалғасуда.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz