RU
Толық нұсқаға өту

Таразда жедел штаб жұмыс істеп тұр

06.10.2025, 11:02 658

Бүгін түнде Түркістан және Жамбыл облысында жер сілкінді. 4 баллдық дүмпу әсіресе Тараз қаласы мен жақын аудандарда қатты сезілді. Осыған орай Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды.

 Мерей Бает, тілші:

- Бүгін түнде жамбылдықтарды біраз әбігерге салғаны рас. Түнгі сағат 01:29-да жер қозғалып, үйдегі жиһаз шайқалды. Шыны керек, оған өзіміз де куә болдық. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында тіркеліп отыр. Ал ең қатты жер сілкінісі Таразда 4 балл болды. Сонымен қоса, дәл осындай көрсеткіш Жуалы, Т.Рысқұлов пен Жамбыл ауданында және Түркістан облысының Түлкібас ауданында да тіркелді. Төтенше жағдайға байланысты облыста жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Қазір жағдай өңір билігінің бақылауында. Барлық әлеуметтік нысандар қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Еске салсам, бұған дейін наурыз айында облыста жер сілкінген еді. Ол кезде Меркі мен Тұрар Рысқұлов ауданында 12 жеке тұрғын үй бүлінді. Ал біз аймақтағы жағдайды одан әрі бақылауда ұстаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz