Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жер сілкінісіне байланысты қосылған жедел желіге 130-ға жуық қоңырау түскен. Қазір өңірде жедел штаб жұмыс істеп тұр.
Еске сала кетейік, бүгін түнде Түркістан және Жамбыл облысында жер сілкінді. 4 баллдық дүмпу әсіресе Тараз қаласы мен жақын аудандарда қатты сезілді. Жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 шақырым жердегі Қырғызстан аумағында тіркелді. Зілзала Жуалы, Тұрар Рысқұлов пен Жамбыл ауданында және Түркістан облысының Түлкібас ауданында да тіркелді.
Руслан Орынбеков, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
- Жедел желіге 130-ға жуық қоңырау түсті. Оның барлығы ақпараттық сипаттағы қоңырау. Жер сілкінісінің қайталану ықтималдығы және қандай әрекет жасау керектігі туралы хабарламалар түсті.
Тегтер #зілзала #жер сілкінісі #Жамбыл облысы #Түркістан облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz