Бүгін Көкшетауда салынып жатқан үш қабатты сауда-ойын-сауық орталығының шатырында жылытқыш жанды, деп хабарлайды 24KZ, ҚР ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Өрттің ауданы 10 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына 3 минут ішінде жетіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермей, оны жедел түрде сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz