RU
Толық нұсқаға өту

Екібастұз маңында өрт шықты

09.10.2025, 14:25 624

Екібастұз қаласы маңындағы Солнечный кентіне қарасты жеке шаруа қожалығында өрт шықты. Тілсіз жау шаруашылық үйі мен ғимараттарын шарпып, салдарынан алты адам көз жұмды. 

Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, Екібастұз ГРЭС-2 стансасының өртке қарсы құрылымдары мен Солнечный кентінің өрт сөндіру бекетінің өкілдері жұмылдырылған. Құтқарушылардың әрқайсысы тілсіз жауды ауыздықтау барысында 27 литрлік сегіз газ баллонын сыртқа алып шыққан. 

Белгілі болғандай, жер толық өртке оранып, жақын маңдағы шаруашылық ғимараттарына таралып үлгерген. Осылайша, 930 шаршы метр аумақты алып жатқан шаруашылық жалын астында қалды. Оқиға кезінде үйде жеті адам болған. 

1972 жылы туған ер адам өз бетімен сыртқа шығып үлгерген. Алайда үйдегі қалған алты адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмдардың кім екені анықталып жатыр. 

Темірбек Айсабеков, Екібастұз қаласы ТЖБ Өрт сөндіру бөлімінің басшысы:

- Төтенше жағдай туралы хабар бүгін сағат таңғы алты жарым шамасында түсті. Оқиға орнына жедел құтқарушылар жөнелтілді. Жалпы аумағы 50 шаршы метр болатын үйдің толық жанып кеткені анықталды. Оның жанындағы шаруашылыққа арналған нысандарды да жалын шарпыған. Қазір мұнда арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Олар қаза тапқан азаматтардың кім екенін, сондай ақ өрттің себебі анықтайды.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz