RU
Толық нұсқаға өту

Ержан Бабақұмаров мерт болды

30.10.2025, 14:30 1123

Астанада әріптесіміз, саяси ғылымдар кандидаты, Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров кісі қолынан қаза тапты. Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, таныстар арасында дау туындап, арты төбелеске ұласқан. Ауыр жарақат алған 56 жастаға Ержан Бабақұмаров сол жерде жан тапсырған. 

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Айта кету керек, Ержан Бабақұмаров ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Кезінде мәдениет және ақпарат вице-министрі, Орталық коммуникациялар қызметінің директоры міндетін атқарған. «Хабар» агенттігінің ұжымы қара жамылған отбасына қайғыра көңіл айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz