Алматыда автокөліктерді тіркеуге қатысты ірі алаяқтық іс әшкереленді.
Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті хабарлады. Үш жыл бойы бір топ адам көліктердің бастапқы тіркеуі үшін белгіленген алымдарды төлемеген. Оларға құйтырқы әрекетті іске асыруға арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері көмектесіп, жалған тіркеу жүргізіп келген. Заңсыз әрекеттерді жасыру мақсатында көліктер бөтен азаматтардың атына рәсімделген. Соның салдарынан 132 автокөлік заңсыз тіркеуге қойылып, мемлекетке 1,2 миллиард теңгеден аса залал келтірілген.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Тергеу барысында 273 млн теңге көлеміндегі алымдар ерікті түрде өтелді. Сот үкімімен үш кінәлі 3 жылдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 7 автокөлік тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.
Тегтер #Алматы әкімі #алаяқтық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz