Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке үй өртенді.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде нысан толық отқа оранған. Өртті сөндіру барысында ғимараттан ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдемге тапсырылды. Үйдің ішінен 9 баланы қоса алғанда барлығы 12 адамның денесі табылды.
Көршілердің айтуынша, бір күн бұрын үй иелері қонақ шақырған. Қазір 360 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді. Тергеу жүріп жатыр.
Тегтер #Түркістан облысы #өрт #24KZ #Таңдаулы #Алғабастағы өртPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz