RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысының әкімі өрттен қаза тапқандардың жақындарымен кездесті

18.11.2025, 15:10 1303

Жетісай ауданындағы өртке қатысты тергеу толық әрі жан-жақты жүргізіледі, деп хабарлайды 24KZ. Түркістан облысының әкімі Жетісай ауданындағы жантүршігерлік жағдай бақылауда екенін жеткізді. Нұралхан Көшеров өрттен қаза тапқан отбасының жақындарымен кездесіп, көңіл айтты. Оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік жәрдем берілетінін атап өтті. Марқұмдарды жерлеу рәсіміне де қолдау көрсетіледі. «Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін барлық деңгейде қауіпсіздік шараларын күшейтеміз», – деді өңір әкімі.

Айта кетейік, Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртке оранған болатын. Салдарынан 12 адам тіл тартпай кетті. Оның 9-ы бала. Тағы үш адам ес-түссіз күйде табылып, ауруханаға жеткізілген. Екі ересек және бір бала жансақтау бөлімінде. Жағдайлары ауыр деп бағаланып отыр. Біздің меншікті тілшілер жергілікті тұрғындармен де сөйлесті. Олардың айтуынша, отбасы мереке өткізген. Үйде қонақтары қалған. Көршілері түтін иісінен оянғанын айтады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz