Алматыда екі қабатты қоймада шыққан өрт сөндірілді. Жалын шамамен 2,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылып, үш жауынгерлік учаске ұйымдастырылды.
80 өртсөндіруші мен 21 арнайы техника жұмылдырылды. Шұғыл әрекет етудің арқасында қоймада сақталған заттардың біраз бөлігі аман қалды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өртенген ғимараттың құрылымдарын бөлшектеу жұмыстары жүріп жатыр.
Ренат Құсаинов, қалалық ТЖД қызметкері:
- 06:55-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті 112 пультіне Павлодарская көшесі 82-мекенжайында орналасқан қойма ғимаратының өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Күштер мен құралдар жоғары дәрежеде бағытталды. Оқиға орнына жеткен бөлімшелер бір қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқанын анықтады. Гарнизонның жалпы күшімен өрт сағат 09:41-де ауыздықталып, 10:44-те толық сөндірілді.
Тегтер #өрт #Алматы #арнайы техника #жедел штабPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz