Түркістан облысындағы жеке тұрғын үйде болған өрттен аман қалған 2 ересек адамның жағдайы қалыпты. Тағы біреуі бала, ол ауыр халде жатыр. Бұл туралы Сенаттағы брифингте денсаулық сақтау-вице министрі мәлімдеді.
Қазір зардап шеккендер Шымкент қаласына жеткізілген. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Еске салсақ, 18 қарашада Жетісай ауданына қарасты Алғабас ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнында 12 адам көз жұмды, оның ішінде тоғызы бала. Ал үш адам, оның ішінде бір бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілген еді.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:
- Өрттен зардап шеккендер Шымкент қаласына жеткізілді. Оларға қажетті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр. Алайда баланың жағдайы «ауыр» деп бағаланып отыр. Қазір алматылық мамандар да жұмылдырылды. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
Тегтер #Алғабастағы өрт #Түркістан облысы #бала #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz