Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрғын үйде болған өрттен зардап шеккен 7 жастағы қыз қайтыс болды. Жетісайдан тікұшақпен облыстық балалар ауруханасына жеткізілген жеткіншектің беті бері қарамай, бақилық болды.
Марқұмның денесі жедел жәрдем көлігімен өз ауылына жеткізілді. Бүгін жер қойнына тапсырылды. Айта кетейік, бұл өрттен қайтыс болған оныншы бала. Ал оның тірі қалған ата-анасы ем қабылдап жатыр.
Тегтер #Жетісай #Түркістан облысы #Алғабастағы өрт #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz