RU
Толық нұсқаға өту

Алматы - Өскемен тас жолында 11 көлік апатқа ұшырады

01.12.2025, 17:00 631

Алматы – Өскемен тас жолында көктайғақ салдарынан 11 автокөлік жол апатына ұшырады. 

Кей жүргізушілер рольге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған. Таңғы мезгілде болған жол апатынан бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, барлығы дін аман. Оларға шұғыл дәрігерлік көмек көрсетілді. Қапшағай су қоймасы мен Сорбұлаққа дейінгі аралықты қою тұман басқандықтан, жұрт аузында «бетонка» аталып кеткен тас жолдың 25 - 67 шақырымын таңғы 7-де жабуға тура келді. Полиция қызметкерлері Алматыға бағыт алған автокөліктерді тоқтатып, жолдың тайғақтығын хабарлап, 15-20 көліктен біртіндеп жіберуге мәжбүр болды. Аталған тас жол түс әлетінде ашылды. Қазір жүргізушілер барлық бағытқа еркін қатынап жатыр.    

Евгений Ким, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Бізге таңертең Алматы – Өскемен тас жолында 11 автокөлік соғылды деген хабарлама түсті. Қонаев қалалық көп салалы ауруханасына жол апатына ұшыраған 4 жолаушы жеткізілді. Дәрігерлік тексерістен өткен соң жеңіл жарақат алғаны анықталып, барлығы үйіне жіберілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz